Kazakhstan, travel, vacation,hotel! Kasachstan, reisen, urlaub, Ferienhaus, all inclusive!
Kazakstan-Reisen
Petropavlovsk , 150000
Kazakhstan
ph: +7(7152)428-010
fax: +7(7152)428-009
alt: alex@northkazakhstan.com
anton
Мырзалар мен ханымдар!
«Kazakhstan-Reisen» туроператорлык фирмасы Сіздерді Қазақстанға қонаққа шақырады. Сіздерге жанға жайлы тынығыс немесе кезекті еңбек демалысыңызды біз мекен тепкен Қазақстанның солтүстік өңірінде, және де біздің ұжымның көмегімен өткізуді ұсынамыз. Біз туристтік топтарға арналған қызметтердің кең ауқымды түрлерін көрсетеміз, оған қосымша біздің солтүстік өлке бойынша және бүкіл Қазақстан аумағында жекелеген турлар ұйымдастырамыз.Бізде Сіз үшін өзіңізге сай келетін жеке тур қарастыру мүмкіндігі бар, немесе дайын тур бойынша қызмет көрсете аламыз. Барлығы да Сіздің мүмкіндігіңіз бен тілегіңізге байланысты.
«Kazakhstan-Reisen» фирмасы Европа және Солтүстік Америка елдерінен туристтерді қабылдауға бағыт бұрған.Біздің меншігімізде ауасы жанға шипалы ,экологиялық таза жерде орналасқан демалыс орны бар. «Kazakhstan-Reisen» ұжымы шетелдік туристтердің шексіз санын қабылдап , олардың әрқайсысына жоғары деңгейдегі жағдай жасай алады.
Қонақты қарсы алу,трансфер, қонақжайда номер жалдау, тілмаш қызметі, барлығына Сіз келесі адреске хат жолдап ертерек тапсырыс бере аласыз: kazreisen@mail.ru
Сізге керекті ақпараттың бәрін келесі сайттардан қарап білуіңізге болады: www.northkazakhstan.com

Біз сіздерге жақын маңайда орналасқан әуежайлар жайлы, билет бағалары және ұшақтардың Қазақстанға ұшу уақыты туралы ақпаратпен қамтамасыз етеміз.
Ол үшін kazreisen@mail.ru адресіне керекті ақпарға сұрау салсаңыз болғаны. Сіз толық мәліметке тәулік ішінде ие боласыз.Жексенбі күні біздің офис жұмыс істемейді, сондықтан сұрауыңызды жұмыс күндері жіберуге тырысыңыз.Одан басқа, Қазақстанға визаны ашу мүмкіндігі , сізге жақын орналасқан Қазақстан Республикасы елшіліктері мен консулдықтары туралы қажетті ақпараттың бәрін ұсынамыз.
Біз сізді елімізге қалай келуге болатындығы жайында толық мәліметпен таныстырамыз , және де жол күресі мен рәсімдеу шығындарын санап береміз.Біздің фирманың қызметкері сізді әуежайда немесе вокзалда қарсы алады.
3 тұлғадан көп топқа 30 % дейінгі жеңілдіктер қарастырылған.
Tours to KZ:
· Жалғыз тұлғаға арзан тур US$ 600
· VIP тұлғаға толық тур US$ 1650
· 2 VIP тұлғаға толық тур US$ 2500
· 3 VIP тұлғаға толық тур US$ 3350
Бұл бағалар 2009 сәір айына жарамды.Кейінгі уақыттарға өзгертулер болуы мүмкін* Барлық бағалар американ долларында берілген.*
3 тұлғадан көп топқа 30 % дейінгі жеңілдіктер қарастырылған.
Төленген тур ішіне қонақжайда орналасу,таңғы ас, әуежайдан, не вокзалдан, не автовокзалдан трансфер, тілмаш қызметі кіреді.
1 күн. Әуежайдан немесе вокзалдан қарсы алу.
Тіркелу.
Орналасу
Трансфер
Ұлттық салт-дәстүр бойынша қонақтарды қарсы алу
Гид-тілмаш беріледі.
Қонақ хан түсер киіз үйде күтіледі. Таңғы ас , түскі ас, кешкі ас және ішімдік сусындары төленген тур ішіне кіреді.
Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы қонақты қарсы алып,ханшайымдар оны жатын жерге жеткізеді. Қонақ орналасып болғаннан кейін,отау алдында еркек тоқты жығылып, қонақ батасымен оған пышақ салынады, соңынан ішек-қарыннан қуырдақ дайындалады.
2 күн
Қонаққа ұлттық салт-дәстүр бойынша дастархан жайылады. Бауырсақ , ет тілмелелері( қазы-қарта, жал-жая, шұжық),қымыз, салаттар, сүт тағамдары, қуырдақ.
Ойын-сауық және де би сабақтары, қамшымен қасқырдан қорғану тәсілдерін, садақ жасап ату, қазақша ер-тоқымсыз ат міну, пышақты лақтырып қадау әдістерін үйрену.
3 күн
Қазақ ұлттық асханасы: Бесбармақ күні.
Ойын-сауық және де би сабақтары, қамшымен қасқырдан қорғану тәсілдерін, садақ жасап ату, қазақша ер-тоқымсыз ат міну, пышақ қадау әдістерін үйрену.
Мәдени, ойын-сауық бағдарламасы.
Белсенді түрдегі демалыс( велосипед,бадминтон, футбол және тағы басқа нәрселер қонақ қалауынша).
4 күн
Қазақ ұлттық асханасы: Салаттар күні.
Ойын-сауық және де би сабақтары, қамшымен қасқырдан қорғану тәсілдерін, садақ жасап ату, қазақша ер-тоқымсыз ат міну, пышақ қадау әдістерін үйрену.
Мәдени, ойын-сауық бағдарламасы.
5 күн
Қазақ ұлттық асханасы: шашлык-сыра-ет күні.
Ойын-сауық және де би сабақтары, қамшымен қасқырдан қорғану тәсілдерін, садақ жасап ату, қазақша ер-тоқымсыз ат міну, пышақ қадау әдістерін үйрену.
Мәдени, ойын-сауық бағдарламасы.
6 күн
Балық тағамдары күні, арақ-шарап молшылығы. Балық аулауға бару және «Мен Сібір өзенін малтып өттім» атты сайыс.
Ойын-сауық және де би сабақтары, қамшымен қасқырдан қорғану тәсілдерін, садақ жасап ату, қазақша ер-тоқымсыз ат міну, пышақ қадау әдістерін үйрену.
Мәдени, ойын-сауық бағдарламасы.
7 күн
Шыңғыс хан ізімен саяхат. Абылай хан музейін, өлкетану музейін тамашалау.
Би сабақтары, қамшымен қасқырдан қорғану тәсілдерін, садақ жасап ату, қазақша ер-тоқымсыз ат міну, пышақ қадау әдістерін үйрену курстары бойынша емтихан.
Демалыстың белсенді түрлері.
8 күн
Еуропалық асхана күні. Петропавл қаласымен танысу. Парк пен аллея ішінде серуендеу. Ойын-сауык,демалыс орындарында уақыт өткізу. Тіс дәрігерінде қабылдауда болу, Қонақтың өз тілегі бойынша, фарфор тістерді салдыру, және басқа мед. қызметтерді қолдану мүмкіндігі бар.
9 күн
Естелік заттар қарау,қаланың көрікті жерлерін, мешіт,шіркеулерді тамашалау.
Жергілкті халықтың ет тағамдары, еттен жасалған экзотикалық тағамдар.
Қазақстандық Сыра, от маңындағы би, шаман, қазақ ұлттық ойындары.
Белсенді түрдегі демалыс.
10 күн
қазақша таңертеңгі ас. «Шыңғыс хан» коктейлі.
Қонақты шығарып салу.
«Серебряный бор» демалыс кешеніне жергілікті бағамдар
Қонақ үй: Кемінде 6 сағат
1. Үйді жалға алу:
1700тг\сағ 10 адамға есептегенде, 10 адамнан көп болғанда - әр қосымша адам үшін 120 тг\сағ төленеді.
(7 негізгі жатын орын, қосымша 4 жатын беру мүмкіндігімен, дастархан басындағы шараларда 30 адамға дейін сияды)
2. Қонақ үй аумағындағы монша: Кемінде 2 сағат.
2.1. 2500 тг\сағ ( монша құралдары қонақтардың өздерінікі)
2.2. 3500 тг\сағ бәрі қосылған (монша құралдарымен толық қамтамасыз етіледі)
3. Жеке моншаны жалдау (үйді жалдамаған жағдайда).
3.1. 3500 тг\сағ монша құралдары демалушылардың өздерінікі.
3.2. 4500 тг\сағ бәрі қосылған (монша құралдарымен толық қамтамасыз етіледі)
Орыс избасы: кемінде 6 сағат
1. Избаны жалдау:
1300 тг\сағ 6 адамға есептегенде. 6 адамнан көп болғанда - әр қосымша адам үшін 120 тг\сағ төленеді.
(2 негізгі жатын орын, 4 қосымша жатын орын беріледі. Дастархан басындағы шараларда 20 адамға дейін сияды)
2. Орыс избасы аумағындағы монша: Кемінде 2 сағат.
2.1. 1500 тг\сағ ( монша құралдары қонақтардың өздерінікі)
2.2. 1800 тг\сағ бәрі қосылған (монша құралдарымен толық қамтамасыз етіледі)
3. Жеке моншаны жалдау (избаны жалдамаған жағдайда).
3.1. 2000 тг\сағ монша құралдары демалушылардың өздерінікі.
3.2. 2500 тг\сағ бәрі қосылған (монша құралдарымен толық қамтамасыз етіледі)
Тәуліктеп қонақ үйді жалдау - 20000 тг\тәулігі (қосымша жағдайларсыз)
Тәуліктеп орыс избасын жалдау - 17000 тг\ тәулігі (қосымша жағдайларсыз)
отбасылық демалысқа беріледі, қонақ саны 5 адамнан аспаған жағдайда.
Аспаздың қызметі ( Аспаздың тапсырысқа қарастырылған жұмыс уақыты 8.00 ден 20.00 ға дейін; қосымша түнгі жұмыс үшін сағатына 750 теңге төленеді)
10 адамға – 6000 теңге
15 адамға – 9000 теңге
20 адамға – 12000 теңге
25 адамға – 15000 теңге
Даяғашы қызметі:
10 адамға – 3500 теңге
15 адамға – 5250 теңге
20 адамға – 7000 теңге
Жазғы шатырда қызмет көрсету:
10 адамға – 5000 теңге
15 адамға – 7500 теңге
20 адамға – 10000 теңге
Бағам бойынша Даяғышылық қызмет көрсету 10.00 бастап 24.00 дейін, кейінгі қосымша уақыт үшін 500 теңгеден төленеді.
Қонақтарды күтіп алу ( нан – тұзбен)
«Серебряный бор» демалыс орнының қызметшілері сіздің қонақтарыңызды нан –тұз ұсынып ұлттық киімдерде қарсы алады.Қалауыңыз бойынша славяндық не қазақи киімде. Туркшенгее келіп түскен кезде қонақтар алдынан сол күні жұмыс істейтін ауысым шығып оларды қарсы алады.Дастархан орамалына салынып орыс пешінде пісірілген, үстінде тұзойығы бар каравай ұсынылады.Және де қонақжайлылық дәстүрі бойынша нанды тұзға батырып дәм тату сұралады. «Қош келіпсіз, төрлетіңіз» деген сөздермен қонақтар « Серебряный бор» туркешенінде жақсы уақыт өткізу үшін ішке кіріп жайғасады.
Қызметтің құны 2500 теңге.
Туған күнмен құттықтау қызметі
«Серебряный бор» демалыс орнының қызметшілері сіздің жақын адамыңызды туған күнімен құттықтайды. Салтанат иесі туркешенге келіп түскен кезде осы күні жұмыс істейтін ауысым қарсы алдынан шығып, «туған күніңмен» белгілі нақышын шырқатып, осы қызметке тапсырыс берген адам атынан туған күнімен құттықтайды.Содан соң «Қош келіпсіз, төрлетіңіз» сөздерімен той иесін және оның қонақтарын қонақ үйге немесе орыс избасына ары қарай тойлау үшін шақырады.
Қызметтің құны 2300 теңге.
Қазақстан республикасының аумағында өткізген бүкіл уақытыңызда Сіз қонақжайдағы өте ыңғайлы номерлерде орналасасыз. Бассейн,сауна, маникюр, педикюр,және де таңғы ас пен кешкі ас номер бағасына кіреді. Ішімдік сусындар үшін қонақжай барында бөлек төленеді.
Әр күн сіздің қарамағыңызға гид-аудармашы беріледі. Өз ісіне жетік қызметшілер Сізге ертелі –кеш жағдай жасайды, Сіздің барлық тілектеріңіз бен еркелігіңіз «ВладиГер-тур» қызметкерінің ұялы телефонына жай хабарласу арқылы орындалады. Әр қонақ бізге Құдайы қонақ..Қырықтың бірі Қыдыр!
Бірінші күн
Әуежайда немесе вокзалда қарсы алу.
Тіркелу.
Орналасу.
Трансфер(әуежай) вокзалдан.
Орыс халқының ұлттық дәстүрі бойынша нан - тұзбен қарсы алу.
гид-тілмаш қызметі бекітіледі.
Өте ыңғайлы номерлерде тұру: бассейн,сауна,маникюр,педикюр, және де таңғы ас пен кешкі ас номер бағасына кіреді. Ішімдік сусындар қонақжай барында бөлек төленеді.
Екінші күн:
Қала ішінде шолу экскурциясы, тарихи жерлерді, шіркеу, мешіт,ескі вокзалды тамашалау.Гид-тілмаш пен жеке шофер қарамағыңызға беріледі.
Үшінші күн
«Серебряный бор» демалыс орнында демалыс күнін өткізу.
Мәдени және ойын-сауық бағдарламасы:
орыс ұлттық тағамдары,
белсенді түрдегі демалыс (велосипед,бадминтон,футбол және тағы басқалар қонақтың тілегі бойынша.)
Қазақ ұлттық тағамдары,
қонақжайға қайту.
Төртінші күн
Казак станицасы Пресновкада бір күн. Шухов музейін кіріп тамашалау. «Горькая линия» казактарының тұрмысы мен мәдениетімен танысу. Мәдени және ойын-сауық шаралары.
Бесінші күн
Бос күн. Қонақ бұл күнін өз дегенінше өткізеді.Қаламен танысу. Парк пен аллея ішінде серуендеу. Ойын-сауык,демалыс орындарында уақыт өткізу. Тіс дәрігерінде қабылдауда болу, Қонақтың өз тілегі бойынша фарфор тістерді салдыру, және басқа мед. қызметтерді қолдану мүмкіндігі бар.
Алтыншы күн
«Серебряный бор» демалыс орнында демалыс күнін өткізу.
Мәдени және ойын-сауық бағдарламасы:
Жергілкті халықтың ет тағамдары, еттен жасалған экзотикалық тағамдар.
Қазақстандық Сыра, от маңындағы би, шаман, қазақ ұлттық ойындары.
Белсенді түрдегі демалыс.
Қонақжайға қайтып келу.
Жетінші күн
Қонақты вокзалға (әуежай) дейін шығарып салу.
Kazakhstan, travel, vacation,hotel! Kasachstan, reisen, urlaub, Ferienhaus, all inclusive!
Kazakstan-Reisen
Petropavlovsk , 150000
Kazakhstan
ph: +7(7152)428-010
fax: +7(7152)428-009
alt: alex@northkazakhstan.com
anton